Альварес GGG-мен жекпе-жек алдында міндетті салмақ өлшеуден өтпеді

Альварес GGG-мен жекпе-жек алдында міндетті салмақ өлшеуден өтпеді

Мексикалық Сауль Альварес қазақстандық Геннадий Головкинге қарсы жекпе-жекке бір ай бұрын WBC үшін қажет салмақ өлшеуден өтпеді.

<span>Канело аталған ұйыммен болған шиеленістің салдарынан WBC титулына үміткерліктен бас тартты. </span>

<span>Ал Головкин міндетті салмақ өлшеуден сәтті өтіп, ұйымның нормативтерінен асырмады. Қазір оның салмағы 170 фунтты (77,1 келі) құрайды, ал бұл кезеңге рұқсат етілген лимит - 176 фунт (79,8 келі).  </span>

<span>Айта кетейік, кездесуге бір күн қалғанда өтетін соңғы салмақ өлшеу рәсімінле Головкин 160 фунтты (72,574 келі) көрсетуі тиіс. </span>

<span>Геннадий Головкин мен Сауль Альварес жекпе-жегі 16 қыркүйекте Лас-Вегаста өтеді.</span>

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или