Мэйуезер: Макгрегор аяқпен тебетін болса, сыйақысының 90%-ын жоғалтады

Мэйуезер: Макгрегор аяқпен тебетін болса, сыйақысының 90%-ын жоғалтады

Бокстан әлемнің 12 дүркін чемпионы кіші Флойд Мейуэзердің айтуынша, кездесу барысында Конор Макгрегор аяқпен тепсе, алатын сыйақысының басым бөлігін жоғалтады.

«Үлкен көлемде айыппұл төлейді. Өз сыйақысының кем дегенде 90%-ын жоғалтқысы келеді деп ойламаймын. Нақты қанша болатынын білмеймін, бірақ айыппұлы үлкен», - деді Мейуэзер.

Айта кетейік, Мейуэзер мен UFC чемпионы Макгрегордың бокс ережесі бойынша өтетін кездесуі 26 тамызда Лас-Вегасқа жоспарланған. Кездесу 12 раундтан тұрады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или