Екі аяғынан айырылған ару боксты меңгеріп жүр
Ауыр жол апатына түсіп, екі аяғынан айырылған алматылық келіншек Екатерина Парафиева былғары қолғап киіп жұдырықтасуды меңгеруде. Бұл жайлы ҚазАқпарат хабарлады.
<span style="font-size: 14px; line-height: 1.3;">Екатерина Папарфиеваның Кира Ударцева Фэйсбуктегі парақшасында жазба қалдырды. «Бізде жаңалық бар :) Екатерина БОКС-ты үйреніп жүр. Жақында супержаттықтырушы Бабякин Владимир иық белдеуі мен қиғаш бұлшық еттеріне бокс пайдалы деп шешті ;) ! Жаңылмапты! !! Катяға өте ұнады!! Ол бокшы боп туылған екен. Бірнеше соққы түрлерін қалтқысыз қайталады. Катяның өзі таң қалды " Қандай қызық әрі керемет! Тиімділігін айтсаңызшы. Тренажерде жаттыққанмен бірдей», - деген жазба қалдырды жаттықтырушы.</span>
<span style="font-size: 14px; line-height: 1.3;">Еске сала кетейік, келіншек 16 маусымда Алматы қаласындағы Әл-Фараби даңғылында болған жол апатынан жапа шеккен болатын. Honda CRV көлігін тізгіндеген қыздар ашық люкке кіріп кетіп, көлік дөңгелегін жарып алған. Содан жол шетіне тоқтап, сыртқа шығып, көліктерін қарап жатқан кезде ортаңғы жолақта келе жатқан Toyota Camry машинасын автобус соққан. Қатты соққыдан Toyota Camry көлігінің артқы бөлігі ұшып келіп Honda CRV көлігіне тиген. Салдарынан қыздар ортада қысылып қалып, біреуі екі аяғынан айырылған болатын. Ал екінші қыз №7 қалалық ауруханананың неврология бөліміне жатқызылды.</span>