«Селтик» - «Астана»: Елордалықтар Глазгода гол соғады
Бүгін Чемпиондар лигасының іріктеу кезеңі аясында «Селтик» өз алаңында «Астананы» қабылдайды.
Қос команда арасындағы ойын өте тартысты болмақ. Қазақстандық командалар Глазгода екі рет ойнап, екеуінде де жеңілген болатын. Бірақ бұл жолы «Астана» Шотландиядан қолайлы нәтижемен оралуы әбден мүмкін.
Бүгінгі ойынға жарақатына байланысты Дембеле қатыса алмайды. Былтыр «Селтикке» жеңісті осы франциялық шабуылшы сыйлаған болатын. Соған қарамастан шотландиялықтар қазір бабында. Чемпиондар лигасында соңғы рет былтыр «Барселонадан» ұтылған.
Екі клубтың соңғы ойындарын зерттей отырып, бүгін Станимир Стойловтың командасы кем дегенде бір гол соғады деген пікірге келдім. Ал «Селтик» бұған бір-екі голмен жауап беруы ықтимал. Демек, қос команда гол алмасады деген «ставканы» таңдаймын.
Бүгінгі болжам
«Селтик» - «Астана»: Екі командада гол соғады – 2.4 кэф