Серена Уильямс ең бай спортшы қыз атанды

Серена Уильямс ең бай спортшы қыз атанды

Америкалық теннисші Серена Уильямс тағы да ең көп жалақы төленетін спортшы қыз атанды. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады. 

<span>Forbes журналының деректері бойынша, соңғы жылы Уильямс 27 млн доллар тапқан. Бұл - түрлі турнирлердегі жеңісінің жүлделері мен жарнамадан және түрлі шаралардан түскен табыстары. </span>

<span>Екінші орында тағы бір теннисші - германиялық Ангелик Кербер. Оның соңғы жылғы табысы 12,6 млн долларды құрады. Үшінші орынға 12,2 млн доллармен америкалық автошабандоз Даника Патрик жайғасты. </span>

<span>Сондай-ақ бестікке Серена Уильямстың әпкесі Винус та кіріп отыр. Ол 10,5 млн доллар тапқан.</span>

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или