Фредди Роуч: Котто желтоқсан айында Головкинмен жұдырықтасқысы келеді

Фредди Роуч: Котто желтоқсан айында Головкинмен жұдырықтасқысы келеді

Пуэрторикалық боксшы Мигель Коттоның бапкері Фредди Роуч шәкіртінің қазақстандық Геннадий Головкинмен жұдырықтасқысы келетінін айтты.

«Мигель мансабын жыл соңында аяқтайды. Жалпы, Котто Камегаиды нокаутпен ұтады деп ойлаймын. Кейін, желтоқсан айында Головкинмен кездескіміз келеді. Ол үшін Геннадий алдымен Альваресті жеңуі қажет. Мигель Камегаиді жеңіп жатса, бокстан кетпеуі де мүмкін», - деді Роуч Boxingscene.com сайтына.

 Айта кетейік, Мигель Котто тамыздың 26-ы, жапониялық былғары қолғап шебері Йошихиро Камегаимен кездеседі.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или