Диана бастаған қыздарымыз жанкештілік танытты
Георгий Шейко спорттық жүруден мәреге 36-шы болып жетті
Қазақстан спортшылары үшін Лондондағы әлем чемпионаты аяқталды. Соңғы болып, жарыс жолына Георгий Шейко шықты.
Георгий Шейко – осы әлем чемпионатына біздің елден қатысқан жалғыз жігіт. Ол спорттық жүру жарысынан 20 шақырымдық бәйгеде бақ сынады. Лондонға келгелі дайындалып, жаттығу жұмыстарына ерекше мән берді.
Жалпы, спорттық жүру жарысынан ерлер арасындағы 20 шақырымдық бәйгеге 64 спортшы қатысқан болатын. Қыздар арасындағыдай, көмбеге жете алмаған, сондай-ақ ереже бұзып, жарыстан аластатылған спортшылар болды (барлығы – алтау).
Георгий Шейко көмбеге жеткен 58 спортшының ішінде 36-шы орынға ие болды. Уақыты – 1 сағат 23 минут 11 секунд. Ал бірінші орынға Колумбия саңлағы Эйдер Аревало ие болды (1 сағат 18 минут 53 секунд). Осы ретте айта кетейік, ол өз елінің рекордын жаңартты.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін әйелдер арасындағы 20 шақырымдық бәйге өтіп, Диана Айдосова 47-ші, Полина Репина 50-ші, ал Регина Рыкова 52-ші орындарға ие болған болатын. Сөйтіп, Қазақстан жеңілатлеттері үшін ХVІ әлем чемпионаты аяқталды. Спортшыларымыз ертең елге қайтады.
kazathletics.kz
Астанада жамбы атудан «Алтын жебе» халықаралық жарысы аяқталды
Астанада жамбы атудан «Алтын жебе» өткен турнирдің жеңімпаздары белгілі болды.
Халықаралық жарыста румын Михай Кузми бірінші орынға ие болды. Екінші орынды Қазақстанның өкілі Сарыбай Айтбек алса, тағы бір қазақстандық Айкөз Аралханға үшінші орын бұйырды.
Жарысқа әлемнің 11 елінен 19 қатысушы келді. Біздің елден «Алтын жебеде» бес спортшы бақ сынады. Турнир Астанадағы «Қазанат» атшабарында өткен болатын.

kazsport.kaztrk.kz

16 тамызда сағат 00:45-те жазғы кинотеатрда елордалық «Астана» мен шотландиялық «Селтик» футбол клубтарының арасында өтетін ойынды тікелей эфирде көрсетеді. Бұл туралы Сарыарқа аудандық әкімдігі Фейсбуктегі парақшасында хабарлады. Осы маусымдағы УЕФА Чемпиондар лигасында елордалық клуб латвиялық «Спартак» (1:0, 1:1) пен польшалық «Легиядан» (3:1, 0-1) сүрінбей өтті. Ал «Селтик» болса Солтүстік Ирландияның «Линфилд» (2:0, 4:0) пен норвегиялық «Русенборг» (0:0, 1:0) клубтарынан басым түсті. Ендігі кезекте Чемпиондар лигасының топтық кезеңіне жолдама алу үшін екі ұжым күш сынаспақ. Сарыарқа аудандық әкімдігі барлық футбол жанкүйерлерін өз командасына қолдау көрсету үшін Арбатқа шақырды.