«Барселона» VS. «Реал»: Голдар саны төрттен кем болады
Суперкубок үшін тартысты матч Испания чемпионатының шымылдығын ашпақ. Бүгін екі азулы гранд жасыл алаңда түйіседі. Бәс тігеміз бе, жігіттер?!
«Барселона»
«Барселона» үшін маусымаралық қиындықсыз өтті. Біріншіден, командаға жаңа бапкер келді – Эрнесто Вальверде. Бұған дейін ол «Атлетик» Бильбаоны жаттықтырған. Екіншіден, «қызылды-көктер» Неймармен қош айтысты. Бүгін жігіттер жеңіске жетуге тырысады.
«Реал»
«Реал» биылғы маусымдағы алғашқы жеңісіне қол жеткізді. Еуропаның Суперкубогы Зиданда. Алайда Халықаралық Чемпиондар кубогында мадридтіктер «Барселонаға» жол берді. Яғни, бүгін «Реал» үшін маңызды матч. Себебі басты қарсыластан екі рет қатарынан ұтылу - ұяттау нәрсе.
Менің болжамым ойында үштен көп гол соғылмайды. Матч тоталы 3,5-нан аз. Бұл 1,89 кэф.