Мейуэзердің жеңісі үшін 880 мың доллар тігілді
Кіші Флойд Мейуэзердің жанкүйері америкалық боксшының 26 тамызда ирландиялық Конор Макгрегорды жеңетініне сенімді. Сондықтан ол Мейуэзердің жеңісіне 880 мың доллар көлемінде бәс тікті.
Жекпе-жекке бәс тіккен азамат Флойдтың жанкүйері екен. Лас-Вегастағы букмекерлік кеңселердің бірінде бәс тіккен жанкүйер кіші Мейуэзердің UFC чемпионынан басым түсетініне сенімді.
Айта кетейік, бәс тігушілердің 95 пайызы бірнеше салмақ дәрежесі бойынша бұрынғы әлем чемпионы кіші Мейуэзердің жеңісінен үмітті.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или