«Канело» МакГрегормен жекпе-жек өткізуге дайын

«Канело» МакГрегормен жекпе-жек өткізуге дайын

<span>Екі салмақ дәрежесіндегі бұрынғы әлем чемпионы Сауль «Канело» Альварес жеңіл салмақта UFC чемпионы Конор МакГрегор мен америкалық боксшы Флойд Мейвезер арасындағы жекпе-жектің жеңімпазымен кездесуі мүмкін екенін айтты.</span>

<span>«Егер МакГрегор жеңіп, ғажайып нәрсе орын алса, мен онымен жекпе-жек өткізуге дайынмын. Алайда бұлай болатынына күмәнім бар», — деп келтіреді Альварестің сөзін Аllboxing сайты.</span>

<span>Естеріңізге сала кетсек, орта салмақтағы WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкин мен мексикалық боксшы Сауль «Канело» Альварес 16 қыркүйек күні Лас-Вегастағы (АҚШ, Невада) T-Mobile аренасында жекпе-жек өткізеді. Ал UFC чемпионы Конор МакГрегор мен америкалық боксшы кіші Флойд Мейвезер дәл осы спорт кешенінде 26 тамыз күні жұдырықтасады.</span>

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или