«Жел соқпаса, шөптің басы қозғалмайды»
Еркін күрестен Афина Олимпиадасының чемпионы ресейлік Қажымұрат Гацалов болашақта еліміздің намысын қорғауы мүмкін.
Еркін күрес төңірегіндегі өсектерге сүйенсек, Олимпиада және бес дүркін әлем чемпионы Қазақстаның атынан күресуге ниет білдіруде. Осы жылдың басында Қажымұрат еркін күрестен ұлттық құраманың кеңесшісі болып тағайындалды. Яғни, балуанды Қазақстанға бейімделді деуге негіз бар. Балуанның жасы келсе де, ауыр салмақта қазіргі құрама спортшыларын тізе бүктіреді. Ал спорт әлемінде екі елдің атынан шығу кең тараған дүние. Сонымен қатар, елімізде Олимпиада, әлем, Азия чемпи ондарына берілетін сыйақы мөлшерін ескерсек, даңқты балуанның ниет білдіруі де мүмкін.
Айта кетейік, бұл бейресми ақпарат, ешбір ресми дереккөздермен расталмаған.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или