Асхат Тағыберген: Мен үшін ең бастысы команданың нәтижесі

Асхат Тағыберген: Мен үшін ең бастысы команданың нәтижесі

«Астана» командасы Қазақстан Премьер-Лигасының 22-ші туры аясында өз алаңында шымкенттік «Ордабасы» командасын қабылдап, 1:0 есебімен жеңіске жетті.

Ойында жалғыз голды соғып, кездесу тағдырын шешкен «Астана» командасының жартылай қорғаушысы Асхат Тағыберген клубтың баспасөз қызметіне матч туралы өз ойымен бөлісті.

- «Ордабасы» өте мықты команда. Оларға қарсы ойнау әр кезде қиынға соғады. Дегенмен, біз матчты толықтай бақылауда ұстадық.  Бүгінгі кездесу біздің команда үшін өте жақсы нәтижемен аяқталғына  қуаныштымын.

- Маусымның алғашқы бөлігін қостанайлық «Тобыл» сапында жалда өткіздің. Бүгін "Астана" сапына қайта қосылғаннан кейін алғашқы кездесуіңді өткізіп отырсың...

- Мен өткен маусымның соңында жарақат алғаннан кейін, жаңа маусымда өз бабыма келіп, алаңда көбірек уақыт өткізіп, ойын тәжірибесін жинақтау мақсатында «Тобыл» сапына ауысқан болатынмын. Маусымның алғашқы бөлігі мен үшін шыны керек, қиынға соқты. Алайда, чемпионаттың шешуші сәтінде жарақатымнан айығып, спорттық бабымды таптым десем болады. Ендігі кезекте елордалық командаға қол ұшымды тигізгім келеді. Алаңға қайта оралғаныма қуаныштымын.

- Бүгін алаңға екінші таймның соңында шығып, матчтың соңғы минутында гол соғып, командаңа жеңіс сыйладың. Осы орайда өзіңді бүгінгі ойынның қаһарманымын деп ойлайсың ба?

- Олай айтпаған болар едім. Футбол бірінші кезекте командалық ойын. Ал гол соғу менің басты жұмыстарымның бірі. Алайда, бүгін алаңда мен жалғыз өзім ойнаған жоқпын. Бүгін жасыл алаңда 11 ойыншы тер төкті. Біздің еңбегіміздің басты жемісі қажетті 3 ұпайға қол жеткізе алдық. Мен үшін ең бастысы команданың нәтижесі. Ал менің соққан голымның командаға маңызды үш ұпай әкелгені, әрине қуантады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или