Мейірім Нұрсұлтанов: Кәсіпқой боксқа ауысқаныма еш өкінбеймін

Мейірім Нұрсұлтанов: Кәсіпқой боксқа ауысқаныма еш өкінбеймін

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Мейірім Нұрсұлтанов Prosports.kz тілшісіне берген сұхбатында алдағы жоспары туралы айтып берді.

- Мейірім, қыркүйекте өтетін Астанадағы бокс кешіне дайындығыңыз қалай өтіп жатыр?

- Бәрі ойдағыдай өтуде. Жақында ғана қарсыласымның есімін білдім. Енді соған тактикалық дайындығымды бастадым.

- Қарсыласыңыз бразилиялық боксшы Исмаэль Буэно екен. Бұған дейін ол туралы естідіңіз бе?

- Жоқ, естімедім.

- Жалпы, АҚШ пен Қазақстандағы жаттығулардың айырмашылығы бар ма?

- Әрине, айырмашылығы бар. Мұнда бәрі кәсіби деңгейде.

- Америкадағы өмірге үйреніп кеттіңіз бе

- Иә, АҚШ-тағы өмірге үйреніп кеттім.

- Әуесқой бокста қалып, Олимпиада ойындарында бақ сынауым керек еді деген ой болған жоқ па?

- Жоқ. Ондай ой болған жоқ. Кәсіпқой боксқа ауысқаныма еш өкінбеймін.

- Қай қала әдемірек: Алматы ма, әлде Лос-Анджелес пе?

- Астана (күлді). Шын айтсам, маған Алматы ұнамайды.

-  Алдағы уақытта бокс әлемінде екі үлкен жекпе-жек өткелі тұр: Мейвезер – Макгрегор мен Канело – Головкин. Бұл туралы не ойлайсыз?

- Головкин мен Канело жекпе-жегі өте қызықты болмақ. Бұл кездесуде Геннадий жеңіске жетеді деп ойлаймын.

- Мейвезер - Макгрегор кездесу ше?

- Мейвезер ұтады. Себебі, бұл ММА емес бокс. Ал Флойд әлемдегі ең үздік боксшылардың бірі.

- Сіздің менеджеріңіз танымал Эгис Климас. Бұл кісі туралы пікіріңіз қандай?

- Эгис өз жұмысын адал атқаратын маман. Адамгершілігі өте мол жігіт. Онымен жақсы қарым-қатынастамын.

- Сергей Ковалев, Василий Ломаченкомен де жақсы араласатын шығарсыз?

- Иә. Олармен жақсы араласамын, кездесулеріне жиі барып тұрамын.

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или