Фируза Шәріпованың қарсыласы анықталды
Кәсіпқой рингте Қазақстанның намысын қорғап жүрген алғашқы қыз боксшымыз Фируза Шәріпованың келесі қарсыласы белгілі болды.
Шәріпова 26 тамызда Астанада өтетін бокс кешінің басты жекпе-жегінде жұдырықтасады. Оның қарсыласы – әлемнің бұрынғы чемпионы, болгариялық Милена Колева. 29 жастағы Милена кәсіпқой бокста IBF чемпионы Светлана Кулакова, Олимпиада чемпионы Кэти Тэйлор сынды белді боксшылармен жұдырықтасқан. Колева әлемдік рейтингіде Шәріповадан жоғары тұр.
Әлем чемпионы атағы үшін өтетін жекпе-жек 10 раундтан тұрады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или