Санчес GGG мен Макгрегор кездесуі жайлы идеяға пікірін айтты

Санчес GGG мен Макгрегор кездесуі жайлы идеяға пікірін айтты

Геннадий Головкиннің бапкері Абель Санчес UFC чемпионы Конор Макгрегормен жекпе-жек өткізуге қарсы екенін  айтты.

«Бұл кездесу ешқашан болмайды деп үміттенемін. Себебі мен бұл жекпе-жектен бас тартамын. Тіпті, оны талқылаудың өзіне қарсымын», - деді Санчес журналистерге берген жауабында.

Айта кетейік, UFC жұлдызы Макгрегор 26 тамызда бокстағы алғашқы кездесуін өткізеді. Ол америкалық кіші Флойд Мейуэзермен жұдырықтасады.

Ал Головкин 16 қыркүйекте мексикалық Сауль Альвареспен жекпе-жек өткізеді. Екі кездесу де Лас-Вегастағы T-Mobile аренасында өтеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или