Қанат Ислам мен Нұрсұлтан Жаңабаев бірге жаттығып жатыр

Қанат Ислам мен Нұрсұлтан Жаңабаев бірге жаттығып жатыр

Қазақстандық боксшы Қанат Ислам (24-0, 19 КО) мен Нұрсұлтан Жаңабаев (2-0,1КО) ЭКСПО көрмесі аясында өтетін алдағы бокс кешіне дайындықты Астанада өткізуде. Бұл туралы ҚазАқпарат жазды.

Боксшылардың жаттығудан кейінгі бірге түскен фотолары Kanat Islam team Facebook жеке парақшасында жарияланды.

Айта кетейік, Қанат Ислам алдағы жекпе-жекке дайындық үшін Алматыдан Астанаға келген болатын. Сондай-ақ, боксшы Нұрсұлтан Жаңабаевты өзінің ізбасары деп атаған еді.

Нұрсұлтан Жаңабаев кәсіпқой бокстағы алғашқы жекпе-жегін 2016 жылы Қытайда бастады.  Ал соңғы кездесуінде WBA China атағын жеңіп алған болатын.

Еске сала кетейік, 9 қыркүйекте Астанадағы «Сарыарқа» велотрегі ғимаратында Қанат Ислам (24-0,19КО) канадалық Брэндон Кукпен (18-0, 11КО) жұдырықтасады. Боксшылар бірінші орта салмақтағы IBF титулына үміткерлікке таласады. Осы жекпе-жектің андеркартында 8 қазақстандық боксшы өнер көрсетеді. Олар - Жанқош Тұраров (21-0, 15КО), Жәнібек Әлімханұлы (1-0, 1КО), Мейірім Нұрсұлтанов (3-0,2КО), Руслан Мырсатаев (3-0, 3КО), Әли Ахмедов (7-0,5КО), Айдос Ербосынұлы (6-0, 6КО), Димаш Ниязов (11-0-3, 5КО) және Нұрсұлтан Жаңабаев (2-0,1КО).

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или