Джермалл Чарло: GGG мен Канело бір-бірін нокаутқа түсірсе екен

Джермалл Чарло: GGG мен Канело бір-бірін нокаутқа түсірсе екен

Америкалық боксшы Джермалл Чарло Геннадий Головкин мен Сауль Альварес жекпе-жегі жайында ойын айтты.

«Екі бір уақытта оң жақтан соққы жасап, бір-бірін нокаутқа түсіреді деп үміттенемін. Головкинмен де, Канеломен де кездесуге дайынмын. Екеуін де жеңу оңай сияқты: Канело да соққы алады, GGG де соққы алады. Екеуі де соққы жасайды, бірақ өздеріне панчтарды қабылдайды. Бірақ олар Джермалл Чарлоның панчтарына төзе ала ма? Мен олардан мықтымын, сондықтан олардың қай тұсы мықты екені мені алаңдатпайды», - деді Чарло.

Айта кетейік, Джермалл Чарло Головкин – Альварес жұбының жеңімпазына қарсы шығатын міндетті үміткер саналады. Ал Головкин мен Альварес жекпе-жегі 16 қыркүйекте Лас-Вегаста өтеді. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или