Ломаченко титулын қорғап қалды

Ломаченко титулын қорғап қалды

WBO нұсқасы бойынша әлем чемпионы Василий Ломаченко колумбиялық Мигель Марриагиге қарсы жекпе-жекте өз титулын қорғап қалды.

29 жастағы Ломаченко кездесу барысында қарсыласын екі рет нокдаунға жіберді. Кейін колумбиялық боксшы сегізінші раундқа шығудан бас тартты.

 

Екінші жартылай орта салмақтағы кездесу Лас-Анджелес орталығындағыMicrosoft Theater-де өтті.

Осылайша, Ломаченко кәсіпқой бокстағы тоғызыншы жекпе-жегінде жеңіске жетіп, өз титулын үшінші рет қорғап қалды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или