Қанат Ислам жайлы «Талмас Қанат» деректі фильмі жарыққа шықты
Қазақстандық кәсіпқой былғары қолғап шебері Қанат Ислам жайлы «Талмас Қанат» деректі фильмі жарыққа шықты.
Қанат Ислам мен Брэндон Кук арасындағы кездесу 9 қыркүйек күні елордамыз Астана қаласында өтеді. Канадалық боксшы өзінің соңғы кездесуін отандасы Стивен Батлерге қарсы өткізіп, нокаутқа түсірген болатын.
<span>Қанат Ислам болса өзінің соңғы кездесуін 26 мамыр күні мексикалық Норберто Гонсалеске қарсы өткізіп, 12 раундтың қорытындысы бойынша төрешілердің шешімімен жеңіске жетті. Сөйтіп, орта салмақтағы WBO NABO және WBA Inter-Сontinental тұжырымы бойынша чемпиондық белбеулерін жеңіп алды. Қазіргі уақытта отандасымыздың еншісінде 24 кездесу бар және боксшымыз оның барлығында жеңіске жеткен. 19 кездесуде ол қарсыластарын нокаутқа жіберген.</span>
<span>Осы жекпе-жектің андеркардында 8 қазақстандық боксшы өнер көрсетеді. Олар — Жанқош Тұраров (21-0, 15КО), Жәнібек Әлімханұлы (1-0, 1КО), Мейірім Нұрсұлтанов (3-0, 2КО), Руслан Мырсатаев (3-0, 3КО), Әли Ахмедов (7-0,5КО), Айдос Ербосынұлы (6-0, 6КО), Димаш Ниязов (11-0-3, 5КО) және Нұрсұлтан Жаңабаев (2-0, 1КО). Барлық боксшыларымыз осы уақытқа дейін бірде-бір рет жеңілмеген.</span>