Мигель Котто Мейвезер – МакГрегор жекпе-жегіне қатысты пікір білдірді
Төрт салмақ дәрежесінде бұрынғы әлем чемпионы Мигель Котто пуэрторикалық боксшылар және Мейвезер – МакГрегор жекпе-жегі жайлы не ойлайтынын айтты. Бұл туралы 24.kz жазды.
<span>«Акоста, Мачадо, Вердехо секілді пуэрторикалық мықты жас боксшылар буыны өсіп келеді. Біздің ел ешқашан дарынды боксшылардан кенде болған емес. Мейвезер мен МакГрегор арасындағы жекпе-жекке келер болсам, бұл кездесу жайлы пікір білдіргім келмейді. Олар өздерінің жекпе-жегіне дайындалсын, ал мен өзімнің кездесуімді ойлайын», – деп келтіреді Коттоның сөзін ToFight сайты. </span>
<span>Күні кеше пуэрторикалық былғары қолғап шебері Мигель Котто 26 тамыз күні жапон боксшысы Йосихиро Камегаиға қарсы жекпе-жегінен соң мансабын аяқтайтынын мәлімдеген болатын. Айта кетейік, пуэрторикалық 36 жастағы былғары қолғап шебері кәсіпқой бокста 45 жекпе-жек өткізіп, оның бесеуінде жеңіліс тапқан.</span>