Қанат Ислам: Кук те өзім секілді бір елдің сенім артқан еркесі

Қанат Ислам: Кук те өзім секілді бір елдің сенім артқан еркесі

Бүгін Астанадағы «Нұрсұлтан Назарбаев» әуежайында елодалық жанкүйерлер кәсіпқой боксшы Қанат Исламды қарсы алды, деп жазады baq.kz сайты.<br />

Қанат Ислам мен Брэндон Кук арасындағы 9 қыркүйекте өтетін жекпе-жекке дайындалу үшін алдағы бір айда Астанада болатын боксшыларды Нельсон Лопес бастап келді.

«Мен өте қуаныштымын! Елордамыз Астанада үлкен жекпе-жек өткізуге қолдау көрсетіп отырған Елбасымызға, «Самұрық-Қазынаға», осы жарыстың өтуіне мұрындық болған Мәдениет және спорт министрлігіне, «Жер-су» корпорациясына, Бауыржан Оспанов ағамызға, Астана әкімшілігіне үлкен алғыс айтамыз. Осының барлығы да Тәуелсіздігіміздің арқасы.

<span>Үлкен жекпе-жек. Дайындық та жоғары деңгейде болып жатыр. Қарсыласым да осал емес. Ешқашан жеңіліп көрмеген боксшы. Мен үшін қарсыластың әлсізі жоқ. Кук те өзім секілді бір елдің сенім артқан еркесі. Мықты жігіт. Сондықтан да өзгелерге қарағанда бір-екі есе артық дайындаламын. Жан-жақты дайындықтамын. Дегенмен Кук туралы пікір айтудан бұрын өзім дайын болуым керек» - деді боксшы.</span>

Қанат Исламның айтуына қарағанда өткен бір ай бойы боксшылар Алматыда дайындалған. Онда «Астана арландарымен» бірге жаттыққан былғары қолғап шебері елордада дайындалуының себебін де түсіндірді.

«Бір ай бойы Алматыда дайындалдық. Таудағы жаттығулар аяқталды. Енді бір ай Астанада дайындаламыз. Мұнда біріншіден Астананың ауа райына бейімделу болса, екіншіден тек қана спарингтер өткізетін боламыз.

Қазіргі кезде HWO арналарынан бізге сұраныстар бар. Ал осы алдағы жекпе-жек менің тағы бір жоғары баспалдаққа шығып, әлемдік бокс тұлғаларының қатарына қосылуыма үлкен серпін береді деп ойлаймын» - дейді боксшы.

Қанат Исламмен бірге Нұрсұлтан Жаңабаев келді. Ол алдағы жекпе-жектің андеркардында жұдырықтасатын қазақстандық боксшылардың бірі.

Айта кетейік, 9 қыркүйек күні Астанадағы «Сарыарқа» велотрегі ғимаратында Қанат Ислам (24-0, 19КО) канадалық Брэндон Кукпен (18-0, 11КО) кездеседі. Боксшылар бірінші орта салмақтағы IBF титулынан үміткерлік үшін жұдырық түйістірмек. Осы жекпе-жектің андеркардында 8 қазақстандық боксшы өнер көрсетеді. Олар - Жанқош Тұраров (21-0, 15КО), Жәнібек Әлімханұлы (1-0, 1КО), Мейірім Нұрсұлтанов (3-0, 2КО), Руслан Мырсатаев (3-0, 3КО), Әли Ахмедов (7-0,5КО), Айдос Ербосынұлы (6-0, 6КО), Димаш Ниязов (11-0-3, 5КО) және Нұрсұлтан Жаңабаев (2-0, 1КО).

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или