Жақияновтың келесі қарсыласы анықталды
Аса жеңіл салмақтағы WBA (Super) нұсқауының чемпионы қазақстандық Жанат Жакияновтың (27-1, 18КО) қарсыласы анықталды. Бұл жайлы боксшының промоутері Филипп Фондю ресми жариялады.
Жақиянов рингке 21 қазанда оралмақ. Жекпе-жек Солтүстік Ирландияның Белфаст қаласының «SSE Arena» спорт кешенінде өтеді. Жерлесіміздің қарсыласы аса жеңіл салмақтағы IBF нұсқауының чемпионы ирландиялық Райан Барнетт болмақ. Ол 17 кездесу ө кізіп, барлығында жеңіске жеткен және оның тоғызында уақытынан ерте жеңіспен аяқтаған.
Естеріңізге салайық, 11-ші ақпанда Жақиянов АҚШ-тың Толедо қаласында америкалық Роуши Уорренді тізе бүктіріп, жеңіл салмақтағы екі белбеудің - WBA (Super) және IBO иегері атанған.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или