Карл Фроч: Мейвезер бокс әлемін жерге қаратпауы тиіс
Бокстан бұрынғы әлем чемпионы Карл Фрочтың ойынша жеңіл салмақта UFC чемпионы Конор МакГрегор 12 дүркін әлем чемпионы, америкалық боксшы Флойд Мейвезерге қарсы төтеп бере алмайды, — деп хабарлайды PsoSport.kz сайты.
Карл Фроч BoxingScene сайтына берген сұхбатында МакГрегордың жеңіске жетуіне мүмкіндігі жоқ екенін және Мейвезер бокс әлемін жерге қаратпауына тиіс екенін айтты.
«Боксты түсінетін кез келген адам Конор МакГрегордың жеңіске жетуіне мүмкіндігі жоқ екенін біледі. Флойд Мейвезер жеңетініне сенімдімін. Тым құрығанда ол бокс үшін Конорды ұтуы қажет. Мейвезер бокс әлемін жерге қаратуына болмайды. Жекпе-жек қызық өтетіндіктен оны асыға күтіп жүрмін.
МакГрегордың бұл айқаста жеңімпаз атануына кішкентай ғана мүмкіндігі бар. Ол үшін Конор жекпе-жек басында Мейвезерге жойқын соққысын дарытуы қажет. Алайда бұл орындалмайтын тапсырма», - дейді Фроч.
Айта кетейік, жеңіл салмақтағы UFC чемпионы Конор МакГрегор мен америкалық кәсіпқой боксшы кіші Флойд Мейвезер 26 тамыз күні Лас-Вегаста жекпе-жек өткізеді.