БҚО-да «Алаш барысы» 1 млн теңге жүлдеге ие болды
Сырым ауданы орталығы Жымпиты ауылында Алаш үкіметінің 100 жылдығына арналған қазақ күресінен «Алаш барысы» республикалық турнирі мәреге жетті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі.
<span>Биыл Астанада өткен «Қазақстан барысына» алғаш рет қатысып келген Ерназардың салмағы тоқсан келіден сәл асатын болар. Бірақ бұл жолы салмағы өзінен әлдеқайда жоғары палуандарды бұйым құрлы көрген жоқ. Финалдық сында қаратөбелік Дархан Темірхановты қапы қалдырып, жауырынын жер иіскеткен Е.Хамзин турнир жеңімпазы атанып, 1 млн теңге көлеміндегі жүлдеге ие болды. Оның бапкері - Жеңіс Стамғазиев. Д.Темірханов екінші, бөрлілік, биыл «Қазақстан барысы» республикалық турнирінде бақ сынап қайтқан Темірлан Көлбай үшінші орынға көтерілді.</span>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или