Джейкобс Головкиннің күшін он балдық жүйемен бағалады

Джейкобс Головкиннің күшін он балдық жүйемен бағалады

Америкалық боксшы Дэниэл Джейкобс (32-2, 29 КО) бұрынғы қарсыласы қазақстандық Геннадий Головкиннің (37-0, 33 КО) соққысының күші туралы айтты.

«Оның күшіне қалай баға берем? Егер оның күшін он балдық жүйемен есептесек, мен оған 8 балды қояр едім. Шамамен солай», - деді Джейкобс.

Айта кетейік, 18 наурызда Геннадий Головкин Нью-Йорктегі өткен 12 раундқа созылған жекпе-жекте американдық Дэниэл Джейкобсты жеңіп, өз белбеулерін қорғап қалған болатын.

WBA (Super), WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкин келесі жекпе-жегін 16 қыркүйек күні мексикалық боксшы Сауль  Альвареске қарсы өткізеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или