МакГрегор: Мейвезер кішкентай боқмұрын
Жеңіл салмақта UFC чемпионы Конор МакГрегор 12 дүркін әлем чемпионы, америкалық боксшы Флойд Мейвезердің денесі тым кішкентай деп есептейді.
<br />«Оның денесі кішкентай. 40 жаста болса да әлі бабында кішкентай боқмұрын. Бірақ ол мына денесімен менің соққыларымды қайтара алмайды. Мен сияқты жануармен айқаста оның денесі мен аяғы көмектеспейді. Оң қолының соққысы жақсы, бірақ қарсыласына қарсы дұрыс жақындап, алыстай алмайды. Менің стиліме қарсы жұдырықтасу оған оңайға түспейді», — дейді Макгрегор.
Айта кетейік, жеңіл салмақтағы UFC чемпионы Конор МакГрегор мен америкалық кәсіпқой боксшы кіші Флойд Мейвезер 26 тамыз күні Лас-Вегаста жекпе-жек өткізеді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или