АIBA-ның кеңсесі жұмысын уақытша тоқтатты

АIBA-ның кеңсесі жұмысын уақытша тоқтатты

Лозаннадағы Халықаралық әуесқой бокс қауымдастығының штаб-пәтері осы аптаның соңына дейін жабылды.

<span>Қауіпсіздік қызметкерлері ғимаратқа кіреберісті жауып тастаған. </span><span>AIBA-ның қазіргі қаржылық жағдайының қиындауы, допингке қатысты жанжалдардың жиілеуі және Риода Олимпиадасындағы қазылардың шығарған даулы шешімдері президент Чинг-Куо Вудың беделіне орасан зор нұқсан келтірді.</span><span>Халықаралық Олимпиада комитеті аталмыш мәселелер жойылғаннан соң ғана қаржыландыруды қайта қолға алатынын мәлімдеген. AIBA басшылығы жұмыстың тоқтап қалмауы үшін уақытша басқару комитетін құрды. </span>

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или