Головкин: «Канело» қорқуды білмейтін жауынгер

Головкин: «Канело» қорқуды білмейтін жауынгер

Орта салмақта WBA (Super), WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкинн мексикалық боксшы Сауль  Альварестке қарсы жекпе-жек қызықты өтетініне сенімді, деп хабарлайды ProSpotrs.kz сайты.

Қазақстандық былғары қолғап шеберінің ойынша алдағы айқасы Джейкобспен болған жекпе-жектен де қызық болады.

«Алдағы жекпе-жек менің ең үлкен айқасым болып есептеледі. Физикалық тұрғысынан біз стандартты дайындық лагерінен өттік, алайда стрегиялық жоспарда бәрі басқаша. Канеломен айқас жақын қашықтықта болады деген ойдамын. Бұл жекепе-жек Джейкобспен айқастан қызық болады, өйткені ол мексикалық. Сауль Альварес қорқуды білмейтін жауынгер», - деп келтіреді Головкиннің сөзін BoxingScene.

Айта кетейік, WBA (Super), WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкин мен мексикалық боксшы Сауль  Альварес 16 қыркүйек күні Лас-Вегас қаласында T-Mobile Arena спорт кешенінде қолғап түйістіреді. Айтулы бокс кешінде 10 раундқа созылатын жекпе-жекте  мексикалық былғары қолғап шеберлері Антонио Ороско мен Роберто Ортис қолғап түйістіреді.

Қазіргі таңда Геннадий Головкин өзге қазақстандық былғары қолғап шебері Руслан Мәдиев және бірінші ауыр салмақтағы IBF тұжырымы бойынша әлем чемпионы Мурат Гассиевпен бірге алдағы жекпе-жекке дайындығын пысықтап жүр.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или