Головкин Канеломен жекпе-жекте өзінің барлық титулын бәске қояды
Промоутер Том Леффлердің айтуынша, Геннадий Головкин мексикалық Сауль Альвареспен кездесуде бәске өзінің барлық титулын қояды.
«Головкин өзінің барлық титулын қорғап қалмақ – бұлар WBC, WBA, IBF және IBO тұжырымдары бойынша титулдар. Сондай-ақ, ол Канелоға қарсы рингке шыққан соң өз коллекциясына The Ring журналының титулын қосуды жоспарлап отыр. Жанкүйерлерге бұл кездесу ұнайтыны сөзсіз», - деді Леффлер.
Естеріңізге сала кетсек, Канело бұған дейін жекпе-жекте тек WBA және IBF белбеулеріне ғана таласатынын, ал өзі бәске «The Ring» журналының титулын қоятынын айтқан болатын.
Ал жекпе-жектің өзі 16 қыркүйекте Лас-Вегаста өтеді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или