«Мэдисон Сквер Гарден» Головкиннің осы аренадағы дебютін еске алды

«Мэдисон Сквер Гарден» Головкиннің осы аренадағы дебютін еске алды

Нью-Йорктегі «Мэдисон Сквер Гарден» үш жыл бұрын Геннадий Головкиннің осы аренадағы алғашқы жекпе-жегін еске алды.

Сол кезде қазақстандық боксшы аустралиялық Дэниэл Гилді жеңген болатын.

«Бүгін GGG-дің «бокс Меккесінде» дебютін өткізгеніне үш жыл болды... кездесуді нокаут мәнерінде аяқтаған еді!», - деп жазылған хабарламада. Бұған сол нокауттың видеосы тіркелген.

Естеріңізге салсақ, 2014 жылы 26 шілдеде Головкин мен Гил кездесіп, қазақстандық үшінші раундта нокаутпен жеңген еді.

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или