Британиялық боксшы Билли Джо Сондерс (24-0, 12 КО) әлеуметтік желіде тағы да аузына келгенін оттап, жұрттың назарын өзіне аударды. Бұл туралы Baq.kz ақпарат агенттігі хабарлады.
Сондерс Головкинге тіл тигізіп, оны тағы да жекпе-жекке шақырды
Орта салмақтағы WBO чемпионы бұл жолы алдымен кіші Вилли Монроны (21-2, 6 КО) еш қиындықсыз жеңетінін айтып, іле-шала WBA (Super), WBC, IBF және IBO чемпионы Геннадий Головкинді (37-0, 33 КО) дөрекі түрде жекпе-жекке шақырды.
«Жекпе-жекке шығатын уақытты асыға күтіп жүрмін! Егер мені сәтсіздікке ұшырайды деп ойласаңыздар, ақшаларыңыздан айырыласыздар. Бірде-бір америкалық мені жеңе алмайды! Тіпті Головкин де, келесі – сен, ...», - деп жазды Сондерс твиттерде.<span><br /></span>
<span>Айта кетейік, Сондерс-Монро және Головкин-Альварес жекпе-жектері бір күнде, 16 қыркүйекте өтеді.</span>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или