Канелоның бапкері: Альварестің GGG-ден артықшылығы көп
Мексикалық боксшы Сауль Альварестің бапкері Эдди Рейносо өз шәкіртінің Геннадий Головкиннен көптеген артықшылығы бар екенін айтты. Бұл туралы Baq.kz жазды.
«Альварестің жеңетініне сенімдіміз. Ол едәуір қалыптасқан боксшы. «Канело» шынында да дер кезінде қарсы шабуылға шыға біледі, қорғанысы мықты, жылдам. Сонымен қатар, Сауль әлі жас, сондықтан Головкиннен көптеген артықшылығымыз бар. Бұл өте тартысты жекпе-жек болады. Екеуі де агрессивті және күшті боксшы, кездесу нокаутпен аяқталады деп ойлаймын», - деді Рейносо Fight Hub TV-ға берген сұхбатында.
Айта кетейік, Головкин – <span>«</span>Канело» жекпе-жегі 16 қыркүйек күні Лас-Вегасте (АҚШ, Невада) T-Mobile Arena аренасында өтеді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или