Бұл бокс жанкүйерлерінің арманындағы жекпе-жек болмақ - британиялық боксшы
Екі салмақ бойынша бұрынғы әлем чемпионы Рикки Хаттонның айтуынша жанкүйерлерді нағыз мереке күтіп тұр.
«Бұл бокс тарихындағы ең керемет жекпе-жек болады. P4P рейтингінде үздік үштікке кіретін екі боксшының айқасын көреміз. Бұл бокс жанкүйерлерінің арманындағы жекпе-жек», - дейді Рикки Хаттон.
Орта салмақта WBA (Super), WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкин мен мексикалық боксшы Сауль «Канело» Альварес16-шы қыркүйек күні Лас-Вегас қаласында жұдырықтасады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или