«Астана Арландарының» жеңісіне арнап кино түсіру ұсынылды

 «Астана Арландарының» жеңісіне арнап кино түсіру ұсынылды

Жуырда бүкіләлемдік бокс сериясының (WSB) жетінші маусымы мәресіне жеткен болатын.

Астанадағы «Қазақстан» спорт кешенінде өткен финалдық жекпе-жекте Қазақстан мен Куба боксшылары кездесіп кім мықтыны анықтаған еді. Аса шиеленісті өткен кездесудің қортындысында  «Астана Арландары» 6-5 есебімен жеңісті жұлып алған. Кездесу барысында 2-5 есебімен ұтылып жатқан қазақстандық ұжым жеңіске деген жігерлерінің арқасында чемпиондыққа қол жеткізді.

Қазақстандық команда бұл кездесуде сөзбен айтып жеткізгісіз ерлік көрсетті. Кубаның сайдың тасындай іріктелген  «сен тұр мен атайын» боксшыларына төтеп беру мүмкін еместей көрінген. Қатарларында кілең әлем және олимпиада чемпиондары жиналған құрамаға қазақстандықтардың жауабы қандай болмақ деген сауал әрбір бокс жанкүйерін мазалағаны сөзсіз. Бокстан Қазақстан құрамасының бірінші номерлі боксшылары «Астана Арландарының» финалдық кездесуіне көмектесе алмайтыны белгілі болғанда жанкүйерлердің жеңіске деген сеніміне сызат түскені анық.

Алайда «Астана Арландарының» өз білгені бар болып  шықты. Тіпті 2-5 ұтыдып жатқанда да салдары суға кетпеді.

Үлкен спортта дәл осындай адам сенгісіз үлкен жеңістердің болатынын «Арландар» сол кеште көрсетті.

Бұл жеңіс көптеген бокс жанкүйерлерін желпіндіріп тастағаны сөзсіз.

Әлеуметтік желілерде қазақтың қайсар ұлдарына мақтау мен мадақ аз айтылмады. Тіпті «Астана Арландарының» дәл осы жеңісіне арнап кино түсіру де ұсынылды.

Ұсыныс қазақ спортының жанашыры, спорт функционері Дидар Сағадиевтен түсті.

«Қазақстандық «Астана Арландары» бокс клубын бүкіләлемдік бокс сериясының (WSB) жетінші маусымындағы жеңісімен құттықтаймын. Біріншідіен қазақстандық команда әлемде алғашқы болып үш дүркін чемпион деген атаққа қол жеткізді. Екіншіден осы маусымда «Астана Арландары» қатарында тек қазақстандық боксшылар өнер көрсетті. Үшіншіден ұлттық құраманың бірінші номерлі боксшылары қатыспағанына қарамастан жеңіске бастар жолды дәл тапқан команда бапкері Нұрлан Ақүрпековтің орасан зор еңбегін атап өткім келеді. Осы жайттардың бәрін ескере келе Қазақстан Республикасы мәдениет және спорт министірлігіне, қазақстандық режиссерларға шынай өмірге негізделген кино түсіруге ұсыныс жасағым келеді. Кино өзін ақтап қана қоймай салауатты өмір салтын сақтауға, спортпен шұғылданатын балалардың санын арттыруға септігін тигізетініне сенімдімін»- деп жазды спорт функционері Дидар Сағадиев өзінің Инстаграм парақшасында.

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или