Қанат Ислам WBA рейтингісінде екінші орынға көтерілді

Қанат Ислам WBA рейтингісінде екінші орынға көтерілді

Дүниежүзілік бокс қауымдастығы (WBA) барлық салмақтағы боксшылар рейтингін жаңартты. Бұл туралы ҚазАқпарат жазды. 

Қазақстандық кәсіби боксшы Қанат Ислам (24-0-0,19КО) бірінші орта салмақ рейтингінде бір сатыға көтеріліп, бұл тұжырымның уақытша әлем чемпионы аргентиналық Карлос Брайан Кастаньодан кейінгі екінші орынға жайғасты.

Жартылай орта салмақта жұдырықтасып жұрген отандасымыз Жанқош Тұраров (21-0-0, 15КО) 10-орыннан көрінді.

Айта кетейік, Қанат Ислам бұл күнде WBA тұжырымының Fedelatin және Inter-Continental белдігінің иегері. Астана қаласында өтетін кезекті жекпе-жегінде Қанат қарсыласы Куктың WBA NABA белдігін жеңіп алуға мүмкіндігі бар. Қанат Ислам айқасының андеркартында жеңіліп көрмеген қазақстандық сегіз боксшы рингке шығады. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или