Футбол

«Қайраттың» тізгінін уақытша Сергей Лабодовский ұстады

«Қайраттың» тізгінін уақытша Сергей Лабодовский ұстады
news-banner7
mobile-news-top

Бүгін кешке алматылық «Қайрат» клубының бас бапкері Кахабер Цхададзе қызметінен кеткен болатын.

Еуропа Лигасының екінші іріктеу кезеңіндегі жеңілісінен соң Цхададзенің өзі басшылыққа жұмыстан кету жөнінде арыз қалдырған көрінеді. Ал клуб басшылығы бапкердің арызын қанағаттандырған.

Алматылық команданың тізгінін уақытша Сергей Лабодовский ұстайды. Қазақстандық маман Сергей Лабодовский Бірінші Лигада өнер көрсететін «Қайраттың» жастар құрамын баптайды.

Естеріңізге салсақ, «Қайрат» Еуропа лигасының екінші әрәктеу кезеңінде албаниялық «Скандербеу» командасына жол беріп, жарыстан шығып қалған болатын.

Ішкі біріншілікте де алматылық команданың жағдайы мәз емес. Басты қарсыласы «Астана» «Қайраттан» сегіз ұпай озып тұр. Дегенмен алматылық ұжым «Астанаға» қарағанда бір ойын кем өткізген.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер