Дәулет Даукенов пен Мадияр Жанұзақ келесі жекпе-жектерін Ресейде өткізеді
Қазақстандық боксшылар Дәулет Даукенов пен Мадияр Жанұзақ келесі жекпе-жектерін Ресейде өткізеді.
Боксшыларымыз 16 қыркүйек күні Екатеринбург қаласында RCC Boxing промоутерлік компаниясының ұйымдастыруымен өтетін бокс кешіне қатысады. Мадияр Жанұзақ (1-0) <span>бірінші жеңіл салмақта </span>4-раундтық жекпе-жекте ресейлік боксшы Фирдавс Джамурадовпен (0-1) жұдырықтасады. Ал Дәулет Даукенов (1-0, 1КО) тәжік боксшы Фаррухом Нурматовпен (0-0-1) қолғап түйістіреді.
Айта кетейік, Даукенов пен Жанұзақ 7 шілде күні Ресейде алғашқы рет кәсіпқой бокста жекпе-жектерін өткізіп, екеуі де жеңіске жеткен.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или