Бахтияр Эюбов әлі жеңіліп көрмеген америкалықпен жұдырықтасады

Бахтияр Эюбов әлі жеңіліп көрмеген америкалықпен жұдырықтасады

Қазақстандық боксшы Бахтияр Эюбовтың (13-0, 11 КО) келесі қарсыласы анықталды. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.  

Бахтиярдың қарсыласы – осы уақытқа дейін ешкімнен жеңіліп көрмеген 23 жастағы америкалық Сонни Фредриксон (17-0, 11 КО).

10 раундтан тұратын жекпе-жек 4 тамыз күні Детройтте (АҚШ) бірінші орта салмақта өтеді деп жоспарланып отыр.

Кештің басты оқиғасы америкалық Кларесса Шилдс пен неміс Никки Адлердің WBC және IBF нұсқалары бойынша екінші орта салмақтағы әлем чемпионы титулы үшін өтетін жекпе-жегі болмақ.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или