Аяулым Қасымова әлемдік рейтингіде 4-ші сатыда тұр
Біріккен күрес әлемі (UWW) әйелдер күресінен әлемдік рейтингіні жаңартты. Еліміздің құрамасынан ең үздік нәтижеге Аяулым Қасымова қол жеткізді. 60 келі салмақта әлемдік рейтингіде ол 4-ші орында келеді.
Рио Олимпиадасының күміс жүлдегері Эльмира Сыздықова 69 келі салмақта 11-ші сатыда тұр.
Әлемдік рейтинг. Әйелдер күресі
48 кг. 1. Эри Тосака (Жапония); 2. Мария Стадник (Әзірбайжан); 3. Юи Сусаки (Жапония); ...8. Ирина Борисова (Қазақстан);
53 кг. 1. Хелен Марулис (АҚШ); 2. Саори Ешида (Жапония); 3. София Маттсон (Швеция); ...5. Жұлдыз Ішімова (Қазақстан);
55 кг. 1. Маю Мукайда (Жапония); 2. Одунае Адекуорее (Нигерия); 3. Сае Нанзо (Жапония);
58 кг. 1. Каори Ите (Жапония); 2. Марва Амри (Тунис); 3. Айсұлу Тыныбекова (Қырғызстан);
60 кг. 1. Пей Синру (Қытай); 2. Аллисон Раган (АҚШ); 3. Любовь Овчарова (Ресей); 4. Аяулым Қасымова (Қазақстан);
63 кг. 1. Рисако Каваи (Жапония); 2. Юлия Ткач (Украина); 3. Мария Мамошук (Беларусь); ...17.Екатерина Ларионова (Қазақстан);
69 кг. 1. Сара Досе (Жапония); 2. Наталья Воробьева (Ресей); 3. Йенни Франссон (Швеция); ...11.Эльмира Сыздыкова (Қазақстан);
75 кг. 1. Ерика Уибе (Канада); 2. Юстина Дистасио (Канада); 3. Ясемин Адар (Түркия); ...10. Гулмарал Еркебаева (Қазақстан); ...12. Гузель Манюрова (Қазақстан).