Ледерман: Головкин — фаворит, бірақ ол қартайды

Ледерман: Головкин — фаворит, бірақ ол қартайды

НВО телеарнасының төрешісі Харольд Ледерман Головкин — Альварес жекпе-жегі жайлы пікірін білдірді.

«Керемет жекпе-жек болады. Кімнің жеңіске жететінін алдын ала болжай алмаймын. Бірақ фаворит — Головкин. Физикалық тұрғыдан мығым, тәжірибесі де көп. Оның жойқын соққысын ескерсек, жекпе-жектің нағыз фавориті Головкин екені сөзсіз.

Дэнни Джейкобсқа қарсы кездесуде шал тартқан Головкинді көрдім. Не дегенмен жасы келді. Бірден көзге көрініп тұрды. Лемье мен Росадоны шаршы алаңда «жеп» қойса, Джейкобспен біраз арпалысты. Бұл жасының келгенінің белгісі», — дейді  Ледерман.

Мадридтік «Реалдың» шабуылшысы Криштиану Роналду төртінші мәрте әке атанғалы отыр. Оның қызы Джорджина Родригестің аяғы ауыр.

«Әрине, дүниеге сәбиімнің келетініне қуаныштымын», — деп сүйінші сұрады Роналду El Mundo басылымына берген сұхбатында.

Айта кетейік, Роналдудың бір ұл және екі қызы бар. Үшеуін де сурогаттық анасы туған.

Туриндік «Ювентустің» жартылайқорғаушысы Дуглас Коста орыс тілінде тату жасатты.

Бразилиялық футболшы сол қолына орысша «Құдай бізге жақ болса, кім қарсы болады?» деп жазылған.

28-жастағы габон футболшысы Пьер-Эмерик Обамейянг алдағы маусымды дортмундтық «Боруссияның» сапында бастайды. Бұл туралы Sky Sports мәлімдеді.

Бұған дейін, габон футболшысы «Миланға» ауысатыны жайлы ақпарат шыққан. Тіпті, Обамейянг италиялық командаға ауысу үшін жалақысын 13 миллион еуродан 8 миллион еуроға дейін азайтуға келіскен.

Сонымен қатар, «Боруссияның» шабуылшысына «Челси» мен ПСЖ көз тігіп отыр. Англиялық клуб Обамейянг үшін £ 70 млн төлеуге әзір.

Айта кетейік, ағымдағы маусымда Обамеянг Бундеслигада 31 мәрте қарсыласының қақпасын дәл көздеп, үздік сұрмерген атанған. Дортмундтық «Боруссияның» сапында 2013 жылдан бері өнер көрсетіп келеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или