Кіші Монро: Альварес Головкинді 9-10-шы раундтарда тоқтатады
Америкалық кіші Вилли Монро қазақстандық Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль Альварес жекпе-жегі жайлы ойымен бөлісті.
«Канело Головкинді жеңеді деп ойлаймын. Ең басынан бері солай ойлайтынмын. Головкинмен жекпе-жектен кейін 15 минуттан соң GGG – Канело кездесуінде кімге бәс тігетінімді сұрады. Мен Альваресті айтқанмын. Головкин орта қашықтықта жақсы жұдырықтасады. Ал оған жақындасаң, бұрышты қиып өте алмайды. Меніңше, Альварес оны тоғызыншы-оныншы раундтарда тоқтатады», - деді кіші Монро.
Айта кетейік, Головкин 2015 жылы кіші Монроны 6-раундта техникалық нокаутпен жеңген болатын. Жекпе-жек барысында Геннадий америкалық боксшыны үш рет нокдаунға түсірген. Үшіншісінен соң Вилли кездесуді жалғастырудан бас тартты.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или