Головкин мен Сондерс қашан жұдырықтасуы мүмкін?

Головкин мен Сондерс қашан жұдырықтасуы мүмкін?

Орта салмақта WBO тұжырымының чемпионы Билли Джо Сондерстің промоутері Фрэнк Уоррен өз клиентінің алдағы жоспарларымен бөлісті.

Уоррен Сондерсті Геннадий Головкин – Сауль Альварес жекпе-жегінің жеңімпазымен кездестіргісі келеді. Ол үшін Билли Джоға америкалық кіші Вилли Монроны жеңу керек. Қос кездесу де 16 қыркүйекте өтеді.

«Егер Билли Монроны ұтса, келесі кездесуі Головкин – Канело жекпе-жегінің жеңімпазына қарсы өтуі үшін барымызды саламыз. Егер Головкин жеңсе, бұл кездесуді желтоқсанда ұйымдастыра аламыз, ал егер Канело ұтса – келесі жылы», - деді Уоррен.

Естеріңізге сала кетсек, Головкинге орта салмақтағы барлық белбеуді біріктіру үшін Сондерске тиесілі WBO титулы жетіспей тұр. Қазір қазақстандық боксшыда WBA (Super), WBC, IBF және IBO белбеулері бар.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или