Ауыр салмақтағы экс-чемпион Головкинді үздік P4P-боксшысы деп атады

Ауыр салмақтағы экс-чемпион Головкинді үздік P4P-боксшысы деп атады

<span>IBF тұжырымы бойынша бірінші ауыр салмақтағы бұрынғы әлем чемпионы Гленн Маккрори (30-8-1, 12 КО) қазақстандық Геннадий Головкин (37-0, 33 КО) туралы пікірімен бөлісті. Бұл туралы ҚазАқпарат жазды. </span>

<span>«Қазір ең үздік P4P-боксшысы кім? Әрине, GGG. Ол бұрынғыша ең үздік былғары қолғап шебері және ол «Канелоны» жеңеді», - деп жазды Маккрори Твиттерде. </span>

<span>Айта кетейік, Головкин-Альварес жекпе-жегі 16 қыркүйекте АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында өтеді. Қазірдің өзінде барлық билеттер сатылып кеткен. Уақыт айырмашылығына байланысты аталған жекпе-жек Қазақстанда 17 қыркүйек күні таңертең көрсетіледі.  </span>

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или