UFC чемпионы: Макгрегор GGG — Канело кездесуінің жеңімпазымен кездессе екен
UFC чемпионы Деметриус Джонсон өз әріптесі Конор Макгрегордың америкалық боксшы кіші Флойд Мейуэзермен жекпе-жегіндегі мүмкіндігі жайлы айтты.
«Мен Конорға бәс тігемін. Егер ол рингке қаһарлы болып шықса, өз жұмысын атқара алады. Кейін не болатынын айтуға қиын. Ол Флойдты нокаутқа түсірген соң, GGG — «Канело» жекпе-жегінің жеңімпазымен кездеседі деп үміттенемін», - деді Джонсон TMZ Sports-ке берген сұхбатында.
Мейуэзер – Макгрегор кездесуі 26 тамызда Лас-Вегастағы «T-Mobile Arena-да» өтеді. ал 16 қыркүйекте сол аренада Геннадий Головкин мен Сауль Альварес жұдырықтасады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или