«Astana Arlans» жеңісті жұлып алды

«Astana Arlans» жеңісті жұлып алды

Бүгін Астананың «Қазақстан» спорт кешенінде бүкіләлемдік бокс сериясының (WSB) финалдық кездесуі өтті. Ақтық сында «Astana Arlans» пен «Cuba Domadores» командалары кім мықтыны анықтады.

Жетінші маусымда тартысты жекпе-жектр көп болды. «Cuba Domadores» клубы 2:5 есебімен алға шықанымен, қазақстандық команда намысқа тырысып, есепті теңестірді. Жеңімпаз тек қосымшы кездесуе анықталды. «Astana Arlans» боксшылары Астана төрінде абыроймен өнер көрсетіп, кубалық команданы тізе бүктірді. Осылайща, «арландар» үшінші рет WSB бокс сериясының финалында жеңіске жетіп, әлемнің ең атақты клубы атанды. Естеріңізге салайық, бұған дейін қос команда аталмыш доданы екі реттен бағындырған. 

Айта кететін жайт, кубалықтардың сапында Хулио Ла Крус, Арлен Лопес сынды Олимпиада және әлем чемпиондары өнер көрсетті. 

Финалдық кездесудің нәтижелері:

49 келіге дейін Теміртас Жүсіпов - Йоханус Аргилагос (48:47 48:47 49:46)

52 кг Олжас Сәттібаев - Йосбани Вейтиа Сото (47:48 46:49 45:50)

56 кг  Ільяс Сүлейменов - Хавьер Ибаньес (48:47, 48:47, 48:47)

60 кг Закир Сафиуллин - Лазаро Альварес (46:47 47:46 47:46)


64 кг Дилмурат Мижитов - Энди Круз (47:48 48:47 45:50)

69 кг Асланбек Шымбергенов - Роньель Иглесиас Сотолонго (49:46 50:45 49:46)


75 кг Абілхан Аманқұл - Арлен Лопес (47:48 47:48 47:48)

81 кг Арман Рысбек - Хулио Сезар Ла Крус (46:49 46:49 45:50)


91 кг Антон Пинчук - Эрисланди Савон (45:50 45:50 45:50)

91 + Олжас Боқаев - Йоандри Тоирак (49:45 48:46 48:46)

 

Қосымша кездесу: 52 кг - Олжас Байниязов - Фрэнк Залдивар

Нәтижесінде, жерлестеріміз 6:5 есебімен жеңіске жетті.
.

Фотлар: «Astana Arlans» клубының Вконтакте желісіндегі ресми парақшасынан

 

 

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или