Андрей Аршавин: «Скендербеу» бізден қарағанда жақсы ойнады

Андрей Аршавин: «Скендербеу» бізден қарағанда жақсы ойнады

«Қайраттың» жартылай қорғаушысы Андрей Аршавин Еуропа лигасының іріктеу кезеңіндегі «Скендербеуге» қарсы матч туралы айтып берді.

- Өте тартысты ойын болды. «Скендербеу» бізден қарағанда жақсы ойнады. Олар қолайлы нәтижеге қол жеткізді.  

- «Қайраттың» ойыны жүрмеді. Неліктен?

- Бірінші таймда өте нашар қимылдадық. Үзілістен кейін тәуір ойнай бастадық. Бірақ соған қарамастан қонақтар допты көп ұстады. Екінші гол соғатын мүмкіндіктеріміз болған, бірақ бұны пайдалана алмадық. 

- Албаниялықтар сізді таң қалдырды ма? 

- Иә. Өте мықты команда екен. Жақсы ойын көрсетті. 

- Келесі кезеңге шығу үшін «Қайратқа» не істеу қажет?  

- Не істеу керек екенін білмеймін. Бірақ бірдеңе өзгерту қажет. Қорғаныста мұқият ойнап, шабуылдағы мүмкіндіктерімізді пайдалануымыз керек. 

- Иличевич пен Жуковтың болмауы қаншалықты ойынға әсер етті? 

- Әрине, олар ойынға қатысса жақсы болар еді. 

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или