Футбол

«Қайрат» пен «Скендербеу» тең түсті

«Қайрат» пен «Скендербеу» тең түсті
news-banner7
mobile-news-top

Еуропа Лигасының алғашқы іріктеу кезеңінде литвалық «Атлантасты» қапы қалдырған «Қайрат» футболшылары екінші айналымда албаниялық «Скендербеуге» қарсылас атанды.

Алаң иелері алғашқы шабуылда есеп ашқан. Гафуржан Сүйімбаев пен Андрей Аршавин доп алмасқан, соңғысы айып алаңында тұрған Жерар Гоуға пас асырды. «Қайраттың» шабуылшысы допты тоқтатпай соққы жасап, қақпаның жақын бұрышын дәл көздеді. «Скендербеу» ойыншылары жылдам қарымта шабуылға шығуды мақсат еткен. Осындай сәттің бірінде Лиридон Лятифи қақпаның тоғыздығын тура дәлдеген, алайда Стас Покатилов қауіптің бетін қайтарды. Қонақтардың сәл басымдығынан соң, «Қайрат» ойыншылары ойын басымдығын

Екінші таймды Кахабер Цхададзенің шәкірттері қарқынды бастады. Алайда қос қарсылас біраз уақыт допты алаң ортасынан асыра алған жоқ. «Қайраттың» кезекті шабуылының бірінде Андрей Аршавин қарсыласының үш бірдей қорғаушысын балаша алдап өткен, бірақ Шаваның соққысы діттеген мақсатына жетпеді. Араға бес минут салғанда алаң иелерінің екі бірей есепті еселейтін мүмкіндігі болған. Алдымен қақпашымен жеке шыққан Жерар Гоу допты қақпаға бағыттай алмаса, артынша екінші толқынмен Михаил Бакаевтың жасаған жойқын соққысы қақпаның маңдайшасынан сәл жоғары кетті. Шабуылға баса назар аударған «Қайрат» ойыншылары қорғанысты ұмыт қалдырып, өрескел қателігі үшін жауап берді. Ойынның 72-минутында қақпа маңындағы қарбаласта алаң иелері абдырап қалған. Мүмкіндігін мүлт кетірмеген Нимага Бакари таразы басын теңестіріп кетті. «Скендербеудің» қақпашысы бүгінгі ойында қаһарман атанғандай. 77-ші минутта Исаэл айып алаңына еніп барып, жойқын соққы жасаған, алайда қақпашы Оргес Шехи керемет сейв жасады.

Бар үміт қарымта кездесуде. Енді қос ұжым араға апта салып, Албания жерінде жолдама мәселесін шешетін болады.

Еуропа Лигасы. Екінші іріктеу кезеңі. Бірінші ойын

«Қайрат» (Қазақстан) - «Скендербеу» (Албания) 1:1 (1:0)

Голдар: 10Гоу (1:0), 72' Бакари (1:1)

«Қайрат»: Покатилов, Ахметов, Сүйімбаев, Куат, Бакаев, Исламхан, Исаэл, Гоу, Элек, Аршавин, Бато;

«Скендербеу»: Шехи, Мици, Яшаница, Нимага, Османи, Таку, Лятифи, Вангели, Радаш, Аденийи, Лиляй.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
Қолда тұрған жеңісті...
Жауап беру