Кахабер Цхададзе: Позициялық тұрғыдан көп қателестік

Кахабер Цхададзе: Позициялық тұрғыдан көп қателестік

Алматылық «Қайраттың» бас бапкері Кахабер Цхададзе Еуропа Лигасының бірінші іріктеу кезеңі аясында өткен<span> албаниялық </span>«Скендергеуге» қарсы кездесу<span> </span>жайлы пікірімен бөлісті.

- Алғашқы таймда позициялық тұрғыдан көп қателістік. Екінші таймда ойын оңалған секілді болған. Болмайтын жерден гол жібердік. Енді бір аптадай дайындалатын уақытымыз бар. Түзде өтетін ойында жеңіске жетуіміз қажет.

Қателіктерімізді саралап, қорытынды шығарамыз. Футболшылар қажет емес жерден қателісіп жатты. Бүл жайында жігіттермен сөйлесеміз.
- Албаниялықтардан мұндай ойынды күттіңіз бе?
- Әрине, олардың соңғы бес кездесуін қарап, талдадық. Комбинациялық футбол ойнағанды ұнатады. Бүгін де солай ойнады. Жалпы, біз алғашқы таймды сәтсіз өткіздік. Екінші таймның басында жақсы ойнай бастаған едік...
Келесі кездесуге дейін Жуков пен Иличевич жазылады деген үміттемін. Олардың жоқтығы бүгін қатты сезілді. Қосалқы құрамда кіл жастардың отырғанын өздеріңіз де көрдіңіздер. Ойынға тыңнан шығып, серпін беретін Жуков, Иличевичтің қажеттілігі білінді. 
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или