Илир Дайя: Есеп көңілден шықты
Албаниялық «Скендербеудің» бас бапкері Илир Дайя Еуропа Лигасының бірінші іріктеу кезеңі аясында өткен «Қайратқа» қарсы кездесу жайлы пікірімен бөлісті.
- Кеше айтқанымыздай, Алматыға келмес бұрын қарсыласымыздың қарымын білдік. Бүгін ойынға дұрыс жоспар құра білдік. Қоса кетер жайт, біз өткен жылы Еуропа Лигасының топтық кезеңінде өнер көрсеттік. Сол себепті, біз де оңай шағылар жаңғақ емеспіз.
<span>Өткен жылғы еурододағы тәжірибе бүгінгі ойынға үлкен көмегін тигізді. Матчқа жасаған барлық ойымыз орындалды. Жалпы, есеп көңілден шықты.</span><br /><br /><span>Екі елдің арасындағы уақыт айырмашылығы футболшыларға кері әсерін тигізгені сөзсіз. Алайда бұл «Қайрат» ойыншыларын да күтіп тұр. Қонақта гол соққанымыз жақсы болды. Оның үстіне, өз алаңымызда жанкүйерлеріміздің қолдау көмектеседі.</span>