Британиялық футболшы: Мейуэзерге Макгрегормен емес, GGG-мен кездесу керек
Англиялық «Норвичтің» бұрынғы футболшысы Даррен Хакерби боксшы кіші Флойд-Мейуэзердің қарсыласы Конор Макгрегор емес, Головкин болуы керек деп есептейді.
«Мейуэзерді жақсы көрсек те, жек көрсек те – ол қорғаныс арқылы ұлы боксшылардың бірі атанды. Бірақ Флойд нағыз жекпе-жекті қаласа, 154 фунтта GGG-мен жұдырықтасуы тиіс», - деп жазды Хакерби твиттерде.
Естеріңізге сала кетсек, Мейуэзер 26 тамызда Лас-Вегастағы «T-Mobile Arena-да» UFC чемпионы Конор Макгрегормен жұдырықтасады. Кейін 16 қыркүйекте сол аренада Геннадий Головкин мен Сауль Альварес жекпе-жек өткізеді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или